Астанада жаңа оқу жылында 15 мектеп ашылды

© Пресс-служба правительства КазахстанаОткрытие школьного учебного заведения в Астане в рамках национального проекта "Комфортная школа"
Открытие школьного учебного заведения в Астане  в рамках национального проекта Комфортная школа - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2024
Жазылу
Оның 9-ы - жайлы мектеп
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Елордада білім күні 28 000 оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды. Оның 9-ы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Мектептер жаңа технологиялар мен жаңа талаптарға сай жабдықталған.
9 жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан:
- Көктал елді мекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы;
- А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы ("Highvill" ТК);
- Тельман елді мекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан);
- С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
- Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы);
- Орынбор және №37 көшелері ("SOHO" ТК ауданы);
- Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы);
- Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы ("Поколение" ТК);
- Төле би - 24 көшелері (Барыс Арена).
"Елордада қазір 188 мектеп жұмыс істейді, оның 110-ы - мемлекеттік, 71-і - жекеменшік және 7-еуі республикалық мектеп, жалпы 282 150 оқушы қамтылған. Желтоқсан айында тағы 8 мектеп ашылады, оның 6-ауы – жайлы мектеп, 2-еуі – жекеменшік мектеп", - дейді ведомство.
Ал 1 қыркүйекте ашылған мектептер нәтижесінде үш ауысымда оқитын бес мектептің, тығыздалған төрт мектептің мәселесі шешілген.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа 28 000 бала барды. Қала мектептерінде барлығы 282 мыңнан астам оқушы оқиды.
Жаңалықтар
0