Тоқаев: Сарбаздардың денсаулығына ең алдымен армия басшылығы жауапты

© Photo : Минобороны КазахстанаӘскерге қабылдау науқаны
Әскерге қабылдау науқаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Жазылу
Президент әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсыратынын еске салды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет екенін айтты.
"Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет", - деді Тоқаев.
Президент әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсыратынын еске салды.
"Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты", -деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев жол апаттары да өзекті мәселе екенін айтты.
"Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады", -деді президент.
Бұл жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе екенін айтқан мемлекет басышысы осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет екенін ескертті.

"Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс", -деді Тоқаев.
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Сарбаз комаға түсті: Қорғаныс министрлігі не жағдай болғанын түсіндірді
Жаңалықтар
0