Бірқатар маманға берілетін атақтар мемлекеттік деңгейге көтеріледі

© Photo : http://kazminerals.infoШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Жазылу
Еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді, еңбек адамның абырой-беделін көтереді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маманға берілетін атақтарды мемлекеттік марапаттар тізіміне қосуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдауда Тоқаев түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсету керектігін ерекше атап өтті.
"Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. Сондықтан инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылады. Еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді, еңбек адамның абырой-беделін көтереді",-деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.
"Халқымызда "Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады" деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы", - деп атап көрсетті президент.
Алматы саябағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Жаңалықтар
0