https://sputnik.kz/20240829/mektep-zhasyna-deyingi-balalarga-arnalgan-mobildi-qosymsha-iske-qosylady-46669195.html
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша іске қосылады
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады 29.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-29T11:35+0500
2024-08-29T11:35+0500
2024-08-29T14:53+0500
мобильдік қосымша
https://sputnik.kz/img/1140/56/11405620_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_7c6b12a55fc9dbf900b3d608ed98cfb4.jpg
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Беске дейін үлгер" мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтар ескерілген."Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады", - деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады.
https://sputnik.kz/20240731/dari-darmektin-shekti-bagasyn-mobildi-qosymsha-arqyly-baqylauga-bolady-45989825.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1140/56/11405620_112:0:1179:800_1920x0_80_0_0_3da5829af5bd77443c36d7ca9d4a95f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша іске қосылады
11:35 29.08.2024 (жаңартылды: 14:53 29.08.2024) Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Беске дейін үлгер" мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады", - дейді ведомство.
Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтар ескерілген.
"Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады", - деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады.