https://sputnik.kz/20240731/dari-darmektin-shekti-bagasyn-mobildi-qosymsha-arqyly-baqylauga-bolady-45989825.html
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады
Sputnik Қазақстан
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді 31.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-31T09:31+0500
2024-07-31T09:31+0500
2024-07-31T10:00+0500
дәрі-дәрмек
мобильдік қосымша
қосымша
баға
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_7d19d1fe2a09ea359100b13d85bf079b.jpg
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады.Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Dari.kz қалай жұмыс істейді?Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар бағаның қымбаттағаны туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін:Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:Dari.kz қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_dbf5549d5dd5dc0d8c4a8447bc57bf5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, мобильдік қосымша, қосымша, баға
дәрі-дәрмек, мобильдік қосымша, қосымша, баға
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады
09:31 31.07.2024 (жаңартылды: 10:00 31.07.2024) Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады.
Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Dari.kz қалай жұмыс істейді?
Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар бағаның қымбаттағаны туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін:
1.
Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеу қажет.
2.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберу керек.
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.