https://sputnik.kz/20240827/shymkentte-zhinalys-ustinde-ustalgan-sheneunikke-sot-ukimi-shyqty-46630622.html
Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке сот үкімі шықты
Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Ол сыбайласымен бірге 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын тексеруге бөлінген қаражатты жымқырған 27.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-27T21:11+0500
2024-08-27T21:11+0500
2024-08-27T21:43+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы әкімі өткізіп жатқан отырыста қолына кісен салынған лауазымды шенеунікке қатысты сот үкімі шықты.Енді тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 9 жылын түрмеде өткізеді. Оның сыбайласы болған кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Qazaqstan.Олар мегаполистегі 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын тексеруге бөлінген қаражатты жымқырған. Яғни мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша техникалық зерттеу жүргізілмеген. Жұмыстар тек қағаз жүзінде атқарылған.Осылайша мемлекеттің 367 миллион теңгесін қалтасына басқан. Жемқорлықпен тапқан ақшасына Түркістан облысы Қазығұрт ауданында монша кешенін салған. Сөйтіп қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыруға тырысқан. Алайда сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімі әлі күшіне енбеді."Екі сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Көрсетілген аттестатталған сейсмикалық қорытындылары жалған. Бұдан бөлек Оразбаев бүкіл мемлекеттік сатып алу шартына басқалардың атынан қол қойған", - деп түсіндірді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Айнель Орақбаева.
https://sputnik.kz/20240206/shymkentte-sheneunikti-akimdik-otyrysy-otip-zhatqan-kezde-ustap-aketti-42074209.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке сот үкімі шықты
21:11 27.08.2024 (жаңартылды: 21:43 27.08.2024) Ол сыбайласымен бірге 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын тексеруге бөлінген қаражатты жымқырған
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы әкімі өткізіп жатқан отырыста қолына кісен салынған лауазымды шенеунікке қатысты сот үкімі шықты.
Енді тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 9 жылын түрмеде өткізеді. Оның сыбайласы болған кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Qazaqstan.
Олар мегаполистегі 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын тексеруге бөлінген қаражатты жымқырған. Яғни мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша техникалық зерттеу жүргізілмеген. Жұмыстар тек қағаз жүзінде атқарылған.
Осылайша мемлекеттің 367 миллион теңгесін қалтасына басқан. Жемқорлықпен тапқан ақшасына Түркістан облысы Қазығұрт ауданында монша кешенін салған. Сөйтіп қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыруға тырысқан. Алайда сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.
"Екі сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Көрсетілген аттестатталған сейсмикалық қорытындылары жалған. Бұдан бөлек Оразбаев бүкіл мемлекеттік сатып алу шартына басқалардың атынан қол қойған", - деп түсіндірді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Айнель Орақбаева.