https://sputnik.kz/20240206/shymkentte-sheneunikti-akimdik-otyrysy-otip-zhatqan-kezde-ustap-aketti-42074209.html
Шымкентте шенеунікті әкімдік отырысы өтіп жатқан кезде ұстап әкетті
Шымкентте шенеунікті әкімдік отырысы өтіп жатқан кезде ұстап әкетті
Sputnik Қазақстан
Шымкент әкімдігінде шенеуніктердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T08:00+0500
2024-02-06T08:00+0500
2024-02-06T08:00+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_0c141bdaa5b679419a1e1e581dd0cb20.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Шымкент әкімдігінде өтіп жатқан отырыс барысында тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы ұсталды, деп хабарлады Otyrar.kz.Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі әкімнің қарамағындағы шенеуніктердің бірікүдікке ілінгенін жеткізді.Қала басшысы Антикор қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған қызметкерді дәл осы жерден алып кетуге болатынын айтты.Осыдан кейін бірден әкімдіктегі жиналысты үзуге тура келді: Антикор қызметкерлері залға кіріп, қатысушылардың бірін алып кетті – ол тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып шықты."Қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеті күдік тудырғаны анықталды. Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісінде аталған азаматты тергеу жүргізілетін уақыт аралығына қамаққа алу мүмкіндігі берілді. Көпшіліктің көз алдында болған жағдай әкімдіктің басшылық құрамымен қатар барша қызметкерге ой салар деп білемін. Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды", - деп жазды Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.Антикордың алдын ала мәліметінше шенеунік 120 миллион теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_be26900cbf0a3ce4f62c48163b317c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте шенеунікті әкімдік отырысы өтіп жатқан кезде ұстап әкетті
Шымкент әкімдігінде шенеуніктердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Шымкент әкімдігінде өтіп жатқан отырыс барысында тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы ұсталды, деп хабарлады
Otyrar.kz. Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі әкімнің қарамағындағы шенеуніктердің бірікүдікке ілінгенін жеткізді.
Қала басшысы Антикор қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған қызметкерді дәл осы жерден алып кетуге болатынын айтты.
"Әкімдік қызметкерлерінің арасында адал жұмыс істейтіндер көп, бірақ сатқындар да бар, мен сіздерге талай рет ескерттім", - деген әкім осылай жасаудан басқа амалы қалмағанын атап өтті.
Осыдан кейін бірден әкімдіктегі жиналысты үзуге тура келді: Антикор қызметкерлері залға кіріп, қатысушылардың бірін алып кетті – ол тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып шықты.
"Қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеті күдік тудырғаны анықталды. Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісінде аталған азаматты тергеу жүргізілетін уақыт аралығына қамаққа алу мүмкіндігі берілді. Көпшіліктің көз алдында болған жағдай әкімдіктің басшылық құрамымен қатар барша қызметкерге ой салар деп білемін. Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды", - деп жазды Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.
Антикордың алдын ала мәліметінше шенеунік 120 миллион теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген.