Қоғам

"Бұл іске қатысым жоқ": Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі судьядан әділдік сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневСуд по делу экс-министра здравоохранения Елжана Биртанова и его заместителя Олжаса Абишева
Суд по делу экс-министра здравоохранения Елжана Биртанова и его заместителя Олжаса Абишева - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 тамыз - Sputnik. Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта жарыссөз болды. Жарыссөзде жәбір көргендердің адвокаты мен сотталушылар сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бастапқыда Гүлмира Сатыбалдының екі бүйрегі ісіп кеткендіктен адвокаттары сот жарыссөзін кейінге қалдыруды сұрады. Сол себепті де сот отырысы бір сағатқа кешігіп басталды.
Гүлмира Сатыбалдының пікірі кейінге қалдырылып, басқа сотталушылар мен жәбірленушінің және олардың адвокаттарының пікірі тыңдалды.
Гүлмира Сатыбалды мен оның ұйымдасқан тобынан жәбір көрді делінген Абай Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев сотталушылар қатаң жазасын алу керек деді. Теңізбаевтың айтуынша, Гүлмира Сатыбалды мен оның ұйымдасқан тобы Абай Жүнісовке ақша жымқырдың деп қысым көрсетіп, заңсыз қамауда ұстаған.
Сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі әрі көмекшісі сотталушы Мәди Батыршаев бұл тағылған айыптың бәрі жалған, өзінің қылмыстық іске еш қатысы жоқ екенін айтты.
"Мені Абай Жүнісовке қысым көрсетіп, оны еркінен тыс қамауда ұстады деген айып еш дәлелденбеген жала. Менің ұйымдасқан қылмыстық іске еш қатысым жоқ. Гүлмира Сатыбалды Жүнісовке қысым көрсету туралы еш тапсырма да, бұйрық та берген жоқ. Маған таққан айыптың ешбірі дәлелденген жоқ. Жүнісовты қамауда ұстауды деген факт жалған. Ол туыстарымен емін-еркін араласып жүрді. Менің кәмелетке толмаған балаларым бар. Құрметті судья, сіз тәжірибесі мол мамансыз, әділ төрелік жасайды деп үміттенемін ", - деді сотталушы Мәди Батыршаев.
Сот жарыссөзінде жәбірленуші Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК 389-бабы 4-бөлігі және ҚР қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес барынша қатаң жаза тағайындалсын деді.
Ал Сатыбалдының көмекшісі әрі көлік жүргізушісі Мәди Батыршаевтың ҚР ҚК 126-бабының 3-тармағының 3-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және ҚР қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес барынша қатаң жазалануын сұрады.
"Гүлмира Сатыбалды және Мәди Батыршаевтан қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген 2 662 951 640 теңге сомасында материалдық залал Абай Жүнісовтың пайдасына өндіріп алынсын. Жәбірленушілер Қасым Жүнісовтың пайдасына 233 966 500 теңге сомасында, Алтай Жүнісоатың пайдасына 109 000 000 теңге сомасында өндіріп алынсын", - деді сот жарыссөзінде адвокат Рашид Теңізбаев.
Ал жәбірленушілердің моральдық шығыны миллиардтап есептелген.
"Гүлмира Сатыбалды және Мәди Батыршаев бірлесіп, Абай Жүнісовтың пайдасына 8 359 457 415 теңге сомасында, Қасым Жүнісовтің пайдасына 100 000 000 теңге, ал Алтай Жүнісовке 100 000 000 теңге, жалпы сомасы 8 559 457 415 теңге моральдық залал өндірілсін", - деді адвокаты.
Ал сотталушы Батыршаевтың адвкоты миллион теңгелік моральдық және материалдық залал төлесін деген Қасым және Алтай Жүнісовтардың бұл іске еш қатысы жоқ адамдар екенін, сол себепті оларға метриалдық және моральдық залал төлеуге еш негіз жоқ екенін айтты. Сондай-ақ кінәсі еш дәлелденбегендіктен Мәди Батыршаевты судьядан ақтауды сұрады.
Жарыссөзде сотталушы Мәди Батыршаевтың анасы сөз сөйледі.
"Тергеуші тергеу изоляторында балама қысым көрсетті. Мен баламның адал екеніне толық көзім жетеді. Жәбірленуші деп танылған Қасым және Алтай Жүнісовтарды да жақсы білемін, бұл іске олардың еш қатысы жоқ. Менің ұлым осы уақытқа дейін бір де бір заң бұзған емес. Жәбірленуші тарапынан балама таққан айып дәлелсіз", - деді Мәди Батыршаевтың анасы.
Еске сала кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрыңғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі).
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Гүлмира Сатыбалдының іс-әрекетінен 6,6 млрд теңге залал келген – Антикор
Жаңалықтар
0