https://sputnik.kz/20220908/gulmira-satybaldynyn-is-areketinen-66-mlrd-tenge-zalal-kelgen--antikor-27391718.html
Гүлмира Сатыбалдының іс-әрекетінен 6,6 млрд теңге залал келген – Антикор
Гүлмира Сатыбалдының іс-әрекетінен 6,6 млрд теңге залал келген – Антикор
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі – Гүлмира Сатыбалдыға... 08.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-08T13:31+0500
2022-09-08T13:31+0500
2023-08-10T16:58+0500
тергеу
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_24219f9283fdf03f33dabf1b768209af.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі – Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.Сондай-ақ күдіктінің бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адам ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде."Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады", - деп хабарлады Антикор.Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу жалғасуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/513/47/5134798_116:0:2783:2000_1920x0_80_0_0_b953e6fc82f934c7a031d490aef5a20c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тергеу
Гүлмира Сатыбалдының іс-әрекетінен 6,6 млрд теңге залал келген – Антикор
13:31 08.09.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұңғыш президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі – Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ күдіктінің бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.
"Бірнеше объекті бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.
Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адам ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.
"Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады", - деп хабарлады Антикор.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу жалғасуда.