Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келеді

© PhotoКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Тоқаев пен Путин әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей президентіне ризашылығын білдірді.
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин на переговорах в Астане в преддверии саммита ШОС 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
"Бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз": Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті
Жаңалықтар
0