https://sputnik.kz/20240703/bir-birimizdi-qoldap-komektesemiz-toqaev-pen-putin-ne-turaly-soylesti-45418710.html
"Бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз": Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті
"Бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз": Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр 03.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-03T21:53+0500
2024-07-03T21:53+0500
2024-07-03T21:53+0500
астана шыұ-2024
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45418211_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_135aa16021637396589cc300a24d7e9d.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Ресей "шанхай рухын" нығайту ісіне және ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-ресей қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы жөнінде айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Қазақстанға былтыр қараша айында жасаған тарихи сапарынан кейін екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды."Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын өз бақылауымда ұстап отырмын. Сіздің сапарыңыз кезінде келісілген жобалардың маңызы зор және елдеріміздің өзара ықпалдастығының стратегиялық сипатымен ұштасады. Сондықтан олардың жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл жобалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының мүдделеріне сай келеді", – деді мемлекет басшысы.Ал Владимир Путин Қазақстан ШЫҰ саммитінің дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді."Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз", - деп түйіндеді Ресей президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45418211_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f938212733fba445dd5fb0d9ced236a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
"Бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз": Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті
Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Ресей "шанхай рухын" нығайту ісіне және ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
"ШЫҰ халықаралық аренада лайықты беделге ие болды. Менің ойымша, бұл – ең табысты халықаралық ұйымдардың бірі. Сонымен қатар бұл – демократиялық сипаттағы ұйым, яғни барлық мемлекеттің теңдік қағидаты сақталады. Әрине, Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайтуға Ресейдің қосқан елеулі үлесін атап өтпеске болмайды. Осы орайда төраға құқығын пайдаланып, Сізге алғыс айтқым келеді", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-ресей қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы жөнінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Қазақстанға былтыр қараша айында жасаған тарихи сапарынан кейін екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
"Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын өз бақылауымда ұстап отырмын. Сіздің сапарыңыз кезінде келісілген жобалардың маңызы зор және елдеріміздің өзара ықпалдастығының стратегиялық сипатымен ұштасады. Сондықтан олардың жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл жобалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының мүдделеріне сай келеді", – деді мемлекет басшысы.
Ал Владимир Путин Қазақстан ШЫҰ саммитінің дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді.
"Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз", - деп түйіндеді Ресей президенті.