Гүлмира Сатыбалдының денсаулығына байланысты сот жарыссөзі кейінге қалдырылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Сот отырысы ертеңге қалдырылды
АЛМАТЫ, 26 тамыз - Sputnik. Гүлмира Сатыбалдының денсаулығына байланысты сот жарыссөзі өтпеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы бүгін болған жоқ. Өйткені Сатыбалдының адвокаты айыпталушының денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын айтты.

"Гүлмира Сатыбалдыда аллергия пайда болды, оның физикалық жағдайы нашар. Дәрігер таппай отырмыз", - деді адвокаты.

Сот отырысы ертеңге қалдырылды.
"Уайымдамаңыз. Жедел жәрдем шақырыңыз. Біз сізді мәжбүрлеп сот отырысына қатыстырмаймыз. Сол жерде дәрігерлер бар, сіздің денсаулығыңызға қатысты сот отырысы ертеңге қалдырылады", - деді судья.
Еске сала кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрыңғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі).
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Гүлмира Сатыбалдының жазасы қатаңдатылды
Жаңалықтар
0