Гүлмира Сатыбалдының жазасы қатаңдатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жазылу
Гүлмира Сатыбалды бұған дейін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Гүлмира Сатыбалды Қызылордада жылу желілерін тарту кезінде 440 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.
2023 жылы мамырда Астана соты Сатыбалдыны озбырлық жасау және адам ұрлау ісі бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға соттады.
Жұма күні Қызылорда соты бұрынғы үкімді назарға алып, кесілген жазаны ауыр жазаға алмастыру арқылы 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Гүлмира Сатыбалдымен бірге қаржы жымқыру ісі бойынша 7 адам сот алдында жауап берді.
Сатыбалдының компаниясы 2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын жылумен қамту жобасын аяқтамай, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде ұрлағаны белгілі болды.
Сотталушылар Д. және Б., қызмет бабын пайдалана отырып, аяқталмаған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған. Мемлекетке 441 миллион теңге шығын келген. Шығын толығымен өндіріліп, қазір қалпына келтірілді.
Қалған айыпталушылар жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Б. мен Д. шартты түрде сотталды.
Гүлмира Сатыбалды – Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0