Астана тұрғыны колонияға жалған құжатпен кірмек болды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2024
Жазылу
Кездесуге келген әйелдің құжаты мекеме қызметкерлерінің күмәнін тудырды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Астана қалалық ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғанға ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелдің неке қию туралы куәлігі жалған екенін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Кездесуге келген әйелдің құжаты мекеме қызметкерлерінің күмәнін тудырды.
Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАТ қызметкерлері бұл күмәнді растады. Яғни тіркеу журналында неке қию туралы куәлік болмады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Әйелге 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады. ​
"Қылмыстық атқару жүйелері қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұзақ кездесулерге сотталғанның жақын туыстарына рұқсат беріледі, онда туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталады", – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығының орынбасары Ирсали Ахмедов.
Архивное фото пациента в больнице для наркозависымих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Түрмеде отырған мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - министрлік
Жаңалықтар
0