https://sputnik.kz/20230906/turmede-otyrgan-mynnan-astam-adam-esirtkige-taueldi---ministrlik-38225970.html
Түрмеде отырған мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - министрлік
Түрмеде отырған мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - министрлік
Sputnik Қазақстан
Олар жазасын өтеу орындарында ем қабылдап жатыр 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T07:57+0500
2023-09-06T07:57+0500
2023-09-06T07:57+0500
наша
түрме
есірткі
https://sputnik.kz/img/205/28/2052863_0:387:7360:4527_1920x0_80_0_0_fe4407a9c2e28b59568dd60b2a1276fe.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Түрмеде отырған бір мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.Оның атап өтуінше, 2016 жылдан бері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар сынды бағдарламалық құжат болмаған. Соңғы құжат 2012-2016 жылдарға арналған. Содан кейін мемлекеттік ауқымдағы мұндай құжат қабылданбаған."Жағдайдың өзі жастардың (есірткіге) бейім екендігін көрсетіп отыр. Есірткіге тәуелділер көп, қылмыстық жауапкершілікке де жиі тартылып жатыр. Сондықтан да бұл дер уақытында қабылданған іс-шара. Біз таяу үш жылдың ішінде межеленген барлық тармақты жүзеге асырып, елдегі есірткіге қатысты ахуалды тұрақтандыруымыз қажет", - деді Бақытжан Әмірханов.
https://sputnik.kz/20230905/uqk-kaspiy-arqyly-esirtki-tasymaldagan-qylmystyq-topty-ustady-38220369.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/28/2052863_406:0:6955:4912_1920x0_80_0_0_8a8ff022cd2e96d7a3e3f4ebae805693.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наша, түрме, есірткі
Түрмеде отырған мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - министрлік
Олар жазасын өтеу орындарында ем қабылдап жатыр
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Түрмеде отырған бір мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды "
Астана" арнасы.
"Қазақстанда 35 мыңнан астам адам түрмеде отыр. Олардың шамамен 10 пайызы, яғни 3 мыңнан астамы есірткі қылмысын жасағаны үшін қамалған. Ал олардың ішінде бір мыңнан астамы есірткіге тәуелді. Ал 2 мыңы есірткіге тәуелді емес, сатумен айналысқандар. Бас бостандығынан айыру орындарында медициналық бөлім бар. Олар сол жерде ем алады. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, 2016 жылдан бері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар сынды бағдарламалық құжат болмаған. Соңғы құжат 2012-2016 жылдарға арналған. Содан кейін мемлекеттік ауқымдағы мұндай құжат қабылданбаған.
"Жағдайдың өзі жастардың (есірткіге) бейім екендігін көрсетіп отыр. Есірткіге тәуелділер көп, қылмыстық жауапкершілікке де жиі тартылып жатыр. Сондықтан да бұл дер уақытында қабылданған іс-шара. Біз таяу үш жылдың ішінде межеленген барлық тармақты жүзеге асырып, елдегі есірткіге қатысты ахуалды тұрақтандыруымыз қажет", - деді Бақытжан Әмірханов.