Нұрбек Оралбайға автокөлік сыйға тартылды

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыНұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысы марапатталды
Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысы марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жазылу
Land Rover Defender автокөлігінің кілтін қала әкімі Жеңіс Қасымбек табыстады
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астанада Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға автокөлік сыйға тартылды.
Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.
"Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр! ", - деп жазды қала әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында.
Нурбек Оралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
"Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат": Головкин Нұрбек Оралбайды құттықтады
Жаңалықтар
0