"Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат": Головкин Нұрбек Оралбайды құттықтады

Нурбек Оралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
Нұрбек Оралбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдегерлер қатарына еніп отыр
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. ҰОК президенті Геннадий Головкин бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін (80 келі) иеленген Нұрбек Оралбайды жетістігімен құттықтады, деп хабарлады Olympic.kz.
"Бүгін барша қазақстандық Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз", - деді Головкин.
Сонымен қатар ҰОК президенті Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтап, ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені атап өтті.
"Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық карьераларыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!", - делінген құттықтау жеделхатында.
Айта кетері, Нұрбек Оралбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдегерлер қатарына еніп отыр.
Жаңалықтар
0