Баланы үтікпен күйдірген: бейімдеу орталығының мамандары өз уәждерін айтты

© Фото орталық мұрағатынанЖетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында баланың денесін үтікпен күйдірген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Орталық мамандарының бұл оқиғаға қатысты уәжі қандай?

"Балаларды анасы қайтыс болғандықтан келді деген ақпарат жалған. Олар 18 маусымда келіп орталыққа түскен. Ал аналары 6-8 тамыз аралығында өмірден озған. Балалар бізде 2 айдай уақыт болды. Балалардың ата-анасы ішкілікке салынғандықтан, балалар қаңғып көшеде жүрді, өмірдің қиын жағдайына тап болды деп осы орталыққа әкелінген болатын. Аналары балалар орталықтан шығардан бір апта бұрын қайтыс болды, өйткені бауырдың қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Анасы 1978 жылғы, әкесі 1996 жылғы", - дейді орталық директорының орынбасары Данияр Шалғымбаев.

Балалардың орталыққа келгендегі жағдайлары ауыр болды дейді, орталық мамандары. Мұнда 6 уақыт тамақ ішіп, қалаға саяхатқа шығып, кинотеатрларда болып, бар жағдай жасалған. Спорт пен шығармашылық қоса бар, дейді мамандар.
© Фото орталық мұрағатынанЖетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
"Дәл сол бала күйді деген күні тәрбиеші Берік Талдыбаев екеуміз балалар ұйықтап жатқан уақытта столдардың ажырап кеткен ленталарын үтікпен жапсырдық, өйткені 29 шілдеде министрліктен тексеру келеді дегендіктен өзіміз сондай жөндеу жасадық. Сөйтіп тәрбиеші Талдыбаев психолог кабинетіндегі жиһаз ленталарын жапсырайық деп бара жатқанда, Рамиль есімді баланың басын көрпеге бүркеніп алғанын көріп, тұншығып қалмасын деп көрпесін ашпақ болады. Үтікті артына ұстап тұрған. Жанында тұрған төсекте жатқан Роман Полянин орнынан тұрып кетіп, үтікке иығын тигізіп алған. Екі төсектің арасы небәрі 70 см. Бала болып жыламаған да, қайтадан жатып ұйықтап қалған. Ұйықтап тұрған соң иығына мазь жағып, жөндедік. Бірақ бала жылап, ауырсынбады. Ойнап, күліп жүрді", - дейді Данияр Шалғымбаев.
© Фото орталық мұрағатынанЖетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
Балаларды орталықтан шығаратын күні әкесін іздеп таппадық, дейді мамандар.
"14 тамызда балаларды орталықтан алып кететін күн болды. Әкесін таппадық, ішіп кетіпті деді. Апасына апарып бердік. Апасының азаматтық некедегі күйеуі баланың иығын фотоға түсіріп, Қарағандыдағы қызына жіберген. Қызы журналистерге хабарласқан. Біз баланың күйіп қалғаны туралы мүлдем ұмытып та кеттік. Баланы азаптайды деп жала жапты, 7 жастағы баланы азаптау деген ақылға қонбайтын сөз. Тәриеші Берік Талдыбаев өте мейірімді адам, осындағы барлық бала оны көрсе бас салып құшақтап, аяғына оралып жүреді", - дейді бейімдеу орталығының мамандары.
Мальчик закрывает лицо, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Үтікпен күйдірген: бейімдеу орталығында зардап шеккен бала отбасына оралды
Жаңалықтар
0