https://sputnik.kz/20240820/utikpen-kuydirgen-beyimdeu-ortalygynda-zardap-shekken-bala-otbasyna-oraldy-46446159.html
Үтікпен күйдірген: бейімдеу орталығында зардап шеккен бала отбасына оралды
Үтікпен күйдірген: бейімдеу орталығында зардап шеккен бала отбасына оралды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 тамыз - Sputnik. Талдықорғанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында күйік алған жеткіншек отбасына оралды. Баланың қазіргі жағдайымен... 20.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-20T10:49+0500
2024-08-20T10:49+0500
2024-08-20T10:49+0500
талдықорған
бала
https://sputnik.kz/img/746/24/7462480_0:98:1920:1178_1920x0_80_0_0_ca411e303d657d5e779891b31640b5f3.jpg
АЛМАТЫ, 20 тамыз - Sputnik. Талдықорғанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында күйік алған жеткіншек отбасына оралды. Баланың қазіргі жағдайымен Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Жеткіншек қазір апасы мен әкесінің қасында, отбасына оралған.Баланы бейімдеу орталығында үтікпен күйдірді деген ақпаратты ести салып балалар жедел уәкілі оқиға орнына жеткен.Оның айтуынша, балалардың анасы жақында қайтыс болған. Анасының қайтыс болуына байланысты тиісті құжаттарды қорғаншылық ұйымдары рәсімдеп, жас балалар өз апасына табысталған.Балалардың әжесі Екатерина Полянина баланың қазіргі көңіл-күйі жақсы екенін айтты."Мен жұмыстамын, әкесі Роман да жұмыста, ал балалар үйде. Немеремнің жағдайы, көңіл-күйі жақсы. Жарасы жазылғанымен, үтіктің іздері әлі де бар", - дейді Екатерина Павловна.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу әлі жүріп жатыр.Ведомство қылмыстық іс қозғаған."Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және мұқият тергеу басталды. Бастапқы тергеу іс-шаралары жүргізілді, оның барысында орталық қызметкерлерінен түсініктемелер алынды. Мекеме басшылығы баланың күйіп қалуына себеп болған оқиға 24 шілдеде болғанын және жазатайым оқиға екенін айтты", - дейді полиция.Алайда, айыптаулардың ауырлығын ескере отырып, полиция департаменті қосымша сараптамаларды, соның ішінде сот-медициналық сараптаманы жасап жатыр."Орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін қоса алғанда, куәгерлер арасында сауалнама жүргізіледі. Полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты барлық фактілерге ерекше назар аударады және осы оқиғаны жан-жақты тергеуді жалғастыруда", - дейді облыстық полиция департаменті.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/24/7462480_110:0:1811:1276_1920x0_80_0_0_43f30cbab68a854be36c29100351f6f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
талдықорған, бала
АЛМАТЫ, 20 тамыз - Sputnik. Талдықорғанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында күйік алған жеткіншек отбасына оралды. Баланың қазіргі жағдайымен
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Жеткіншек қазір апасы мен әкесінің қасында, отбасына оралған.
Баланы бейімдеу орталығында үтікпен күйдірді деген ақпаратты ести салып балалар жедел уәкілі оқиға орнына жеткен.
"17 тамыз күні мәселені анықтау үшін Жетісу облысындағы кәмелетке толмағандардың құқы бойынша өкілетті уәкіл ретінде Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, орталықтың қызметкерлерімен сөйлестім. Зардап шекті деген жас бала бұл бейімдеу орталығында өзінің әпкесімен бір ай уақыт болған", - дейді балалар құқы жөніндегі жедел уәкіл Ермек Егінбаев.
Оның айтуынша, балалардың анасы жақында қайтыс болған. Анасының қайтыс болуына байланысты тиісті құжаттарды қорғаншылық ұйымдары рәсімдеп, жас балалар өз апасына табысталған.
Балалардың әжесі Екатерина Полянина баланың қазіргі көңіл-күйі жақсы екенін айтты.
"Мен жұмыстамын, әкесі Роман да жұмыста, ал балалар үйде. Немеремнің жағдайы, көңіл-күйі жақсы. Жарасы жазылғанымен, үтіктің іздері әлі де бар", - дейді Екатерина Павловна.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу әлі жүріп жатыр.
"Жетісу облыстық полиция департаментіне Талдықорған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қатыгездік көрсетудің ықтимал фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, 7 жасар баланың денесінде мекеме қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеттері нәтижесінде пайда болған күйіктер анықталған", - дейді полиция.
Ведомство қылмыстық іс қозғаған.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және мұқият тергеу басталды. Бастапқы тергеу іс-шаралары жүргізілді, оның барысында орталық қызметкерлерінен түсініктемелер алынды. Мекеме басшылығы баланың күйіп қалуына себеп болған оқиға 24 шілдеде болғанын және жазатайым оқиға екенін айтты", - дейді полиция.
Алайда, айыптаулардың ауырлығын ескере отырып, полиция департаменті қосымша сараптамаларды, соның ішінде сот-медициналық сараптаманы жасап жатыр.
"Орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін қоса алғанда, куәгерлер арасында сауалнама жүргізіледі. Полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты барлық фактілерге ерекше назар аударады және осы оқиғаны жан-жақты тергеуді жалғастыруда", - дейді облыстық полиция департаменті.