https://sputnik.kz/20240818/densaulyq-saqtau-ministrligi-maymyl-sheshegine-qatysty-malimdeme-zhasady-46411475.html
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Әуежайлар мен шекарада бақылау шаралары күшейтілді 18.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-18T14:49+0500
2024-08-18T14:49+0500
2024-08-18T14:49+0500
маймыл шешегі
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25753030_0:357:2373:1691_1920x0_80_0_0_6b321ff443713541dbb9adaeb64f7c6d.jpg
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.Ведомствоның айтуынша, елге инфекцияның келуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданған.Инфекцияның таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:1. Ауру жұқтырған адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болу.2. Қорғаныс құралдарын қолдану. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.3. Гигиена сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпау.5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер дене қызуы көтеріліп, бөртпе, және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстайды және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын, дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20220817/alemde-maymyl-shesheginen-12-adam-koz-zhumdy--26807055.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25753030_0:134:2373:1913_1920x0_80_0_0_8052db5ac24994dd92fb27e7b42ad05e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маймыл шешегі
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады
Әуежайлар мен шекарада бақылау шаралары күшейтілді
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның айтуынша, елге инфекцияның келуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданған.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады", - дейді министрлік.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Ауру жұқтырған адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болу.
2. Қорғаныс құралдарын қолдану. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
3. Гигиена сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпау.
5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер дене қызуы көтеріліп, бөртпе, және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстайды және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын, дейді ведомство.