https://sputnik.kz/20220817/alemde-maymyl-shesheginen-12-adam-koz-zhumdy--26807055.html
Әлемде маймыл шешегінен 12 адам көз жұмды
Әлемде маймыл шешегінен 12 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазірдің өзінде 92 елде 35 мың адам маймыл шешегіне шалдығып, 12 адам қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости Дүниежүзілік... 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T19:45+0500
2022-08-17T19:45+0500
2022-08-17T19:45+0500
жаһандық індет
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22506525_0:65:3072:1793_1920x0_80_0_0_fe90bc404d9798925eb6f08592a59d4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазірдің өзінде 92 елде 35 мың адам маймыл шешегіне шалдығып, 12 адам қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесуске сілтеме жасап.Гебрейесус 23 шілдеде маймыл шешегі індетін денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, бірақ ол Еуропадан басқа әлемнің барлық аймағына қатты қауіп төндірмейтінін атап өтті.Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Әдетте бұл жеңіл өтетін ауру, көптеген адам бірнеше апта ішінде жазылып кетеді, бірақ кейбір адамдардың дерті асқынып кетуі мүмкін.Аурудың белгілері 5-21 күнде көріне бастайды. Олар: дене қызуы, бас ауруы, бұлшық ет пен арқаның ауырсынуы, дененің қалтырауы және лимфалық түйіндердің үлкеюі. 1-3 күннен кейін бөртпе шығады. Алдымен бетке, одан кейін бүкіл денеге таралады. Бөртпенің іші суға толып, артынан іріңдейді. Сосын қабыршақтанып түседі. Сол жерде тыртық немесе пигмент қалуы мүмкін. Науқас 2-4 аптаның ішінде жазылып шығады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22506525_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_682f85d45183d076df6533e5edfcb496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаһандық індет
Әлемде маймыл шешегінен 12 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазірдің өзінде 92 елде 35 мың адам маймыл шешегіне шалдығып, 12 адам қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесуске сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда 92 елде маймыл шешегіне шалдыққан 35 мың науқас тіркелді. 12 адам қайтыс болды. Ауру әсіресе Еуропада ушығып тұр. Ерлермен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар көп зардап шегіп жатыр", - деді ДДСҰ басшысы баспасөз конференциясында.
Гебрейесус 23 шілдеде маймыл шешегі індетін денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, бірақ ол Еуропадан басқа әлемнің барлық аймағына қатты қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Әдетте бұл жеңіл өтетін ауру, көптеген адам бірнеше апта ішінде жазылып кетеді, бірақ кейбір адамдардың дерті асқынып кетуі мүмкін.
Аурудың белгілері 5-21 күнде көріне бастайды. Олар: дене қызуы, бас ауруы, бұлшық ет пен арқаның ауырсынуы, дененің қалтырауы және лимфалық түйіндердің үлкеюі. 1-3 күннен кейін бөртпе шығады. Алдымен бетке, одан кейін бүкіл денеге таралады. Бөртпенің іші суға толып, артынан іріңдейді. Сосын қабыршақтанып түседі. Сол жерде тыртық немесе пигмент қалуы мүмкін. Науқас 2-4 аптаның ішінде жазылып шығады.