Жамбыл облысындағы жол апаты: министр тергеу барысын өз бақылауына алды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Жазылу
Сәденов қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысындағы жантүршігерлік көлік апатынан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты.
"Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.
Айта кетері, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында жол апаты болды. Тoyota Alfard көлігі мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның екеуі — полиция қызметкері және төртеуі — Toyota Alfard көлігінің жолаушысы. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің бірі 11 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы әке екен.
ДТП в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Жамбыл облысында жол апатынан алты адам көз жұмды: екеуі патрульдік полиция қызметкері
Жаңалықтар
0