Түркістан облысында мал азығын дайындайтын зауыт салынып жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта монтаждау жұмыстарының 60% орындалды
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында мал азығын дайындайтын түйіршіктелген құрама жем өндіру зауытын салуға Nurym Group 2,5 млрд теңге инвестиция салды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кәсіпорын толығымен автоматтандырылады.
Зауыт жыл сайын жылқы, ірі қара және ұсақ малға 46 мың тоннаға дейін жем-шөп шығарады деп жоспарлануда.
Құрылыс осы жылдың көктемінде басталды және қазіргі уақытта монтаждау жұмыстарының 60% орындалды, жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Қазақстандық өнертапқыш ойлап тапқан биокенеп алғаш болып Қонаев жеріне төселді   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Видео
"Сауд Арабиясынан шақырту алдық": Қазақстандық өнертапқыш биокенеп ойлап тапты
Жаңалықтар
0