Түркістан облысында әлеуметтік желіде алданып қалған тұрғындар полицияға арызданды

CC0 / / Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Жазылу
Ол ақшаны алғаннан кейін сол күйі кері байланысқа шықпаған. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдады деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол жәбірленушілерді әлеуметтік желідегі жалған интернет дүкен парақшасы арқылы алдаған.
Күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімге кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген. Ол жиһаз сатып, жеткізіп беретінін хабарлап, тұтынушыдан алдын ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін сол күйі кері байланысқа шықпаған.
Жәбірленушілерге 1,2 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жамбыл облысында бес алаяқ 130 адамды 246 миллион теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар
0