Астанада 15 рейс кешіктіріліп жатыр

© Photo : предоставлено РГП "КазАэроНавигация"Самолеты в аэропорту Астаны
Самолеты в аэропорту Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында 15 әуе рейсі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
10 тамыз сағат 14:10-дағы жағдай бойынша қонатын 9 рейс және ұшатын 6 рейс кешіктіріледі. Бірақ рейстер тоқтатылған жоқ.
"Бүгін Астана-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсі қозғалтқыш бөлшектерінің зақымдалуына байланысты 9 сағатқа кешіктіріледі. Алматыға "FlyArystan" әуекомпаниясының рейсі 10 тамыз сағат 16-20-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ беріледі, жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан "Эйр Астана" әуекомпаниясының 4 әуе кемесі бұршақтан зақымдалды. Соның салдарынан кейінгі рейстер кідіріп қалды.
Қазіргі уақытта Астана әуежайында Азаматтық авиация комитетінің, Авиациялық көлік прокуратурасының, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері рейстердің кешігу жағдайын бақылауға байланысты шұғыл шаралар қабылдауда.
Кешіктірілген рейстер кейінгі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау қажет.
Скот унесло водой - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2024
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан 700-ге жуық мал қырылды
Жаңалықтар
0