https://sputnik.kz/20240718/zhambyl-oblysynda-agyn-su-saldarynan-700-ge-zhuyq-mal-qyryldy-45734232.html
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан 700-ге жуық мал қырылды
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан 700-ге жуық мал қырылды
Sputnik Қазақстан
Газ бен электр жарығы сөніп, көпір зақымдалды 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T08:06+0500
2024-07-18T08:06+0500
2024-07-18T12:15+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45736104_0:201:920:719_1920x0_80_0_0_d418b9caaf1faaa8d935426e78d0fffd.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінде қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде жүрді.Алдын ала мәліметтер бойынша, "Береке" шаруа қожалығы аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқы суға кеткен. Бүгін бұл мәселені арнайы комиссия нақтылайдыАғын су салдарынан "Соғанды-Бетқайнар" автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен бекеттер қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді.Сондай-ақ, Қордай ауданының бірқатар елді мекендерінде 17 шілде сағат 18:00-ден бастап қатты жел тұрған. Желдің жылдамдығы - 18-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жеткен.Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар елді мекендерде уақытша электр қуаты үзілген. Авариялық қызметтер барлық шақыруға жедел шығып, электр желілерін қосу шараларын атқарды. Қазіргі уақытта Соғанды ауылында (65 үй) ғана электрмен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.219 үй мен 2 әлеуметтік нысан газдан ажыраған. "ҚазТрансГазАймақ" қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ауа райына байланысты газға қайта қосу шаралары 18 шілдеге жоспарлануда.Беріктас ауылында екпіні 43,5 м/с дейінгі қатты жел тіркелді. Қатты жел салдарынан 18 жастағы тұрғынға ескі сарайдың қабырғасы құлаған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45736104_0:115:920:805_1920x0_80_0_0_8ebb0c955595452d71abd286c77c8224.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан 700-ге жуық мал қырылды
08:06 18.07.2024 (жаңартылды: 12:15 18.07.2024) Газ бен электр жарығы сөніп, көпір зақымдалды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінде қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде жүрді.
"Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша, жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ" - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Алдын ала мәліметтер бойынша, "Береке" шаруа қожалығы аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқы суға кеткен. Бүгін бұл мәселені арнайы комиссия нақтылайды
Ағын су салдарынан "Соғанды-Бетқайнар" автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен бекеттер қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, Қордай ауданының бірқатар елді мекендерінде 17 шілде сағат 18:00-ден бастап қатты жел тұрған. Желдің жылдамдығы - 18-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жеткен.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар елді мекендерде уақытша электр қуаты үзілген. Авариялық қызметтер барлық шақыруға жедел шығып, электр желілерін қосу шараларын атқарды. Қазіргі уақытта Соғанды ауылында (65 үй) ғана электрмен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
219 үй мен 2 әлеуметтік нысан газдан ажыраған. "ҚазТрансГазАймақ" қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ауа райына байланысты газға қайта қосу шаралары 18 шілдеге жоспарлануда.
Беріктас ауылында екпіні 43,5 м/с дейінгі қатты жел тіркелді. Қатты жел салдарынан 18 жастағы тұрғынға ескі сарайдың қабырғасы құлаған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында.