Асхат Шахаров жол апатынан көз жұмған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты

© PhotoАсхат Шахаров
Асхат Шахаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, оның салдарынан 8 адам қаза тапты. Облыс әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырды. Өңір басшысы жұмыс тобы құрылып, оқиғаның мән-жайы толық тексерілетінін жазған.
"Өңірімізде болған жантүршігерлік оқиға туралы баршаңыз хабардарсыздар. Марқұм болған жандардың жақындарына, ағайын-туыстарына өзімнің және Ақтөбе облысы әкімдігінің атынан көңіл айтамын. Оларға қажетті материалдық және моральдық көмек көрсетіледі. Бұл оқиға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларының маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Әрбір оқушының өмірі бағалы және кез келген іс-шарада олардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс. Орынбасарым Жолдас Батырхан жетекшілік ететін облыстық жұмыс тобы құрылды, қазір олар - оқиға орнында. Облыстық жұмыс тобы, құзырлы органдар заң аясында бұл жағдайды мұқият тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мектептерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті. Жарыстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде белгіленген алгоритмге сәйкес, қауіпсіздік талаптары толықтай орындалуы тиіс. Бұл жағдай - жеке бақылауымда",- деп жазды Асхат Шахаров.
Мигалки на автомобиле полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0