Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар жол апатынан көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневМигалки на автомобиле полиции, архивное фото
Мигалки на автомобиле полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде жеңіл көлік және жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 8 адам көз жұмды. Оның бесеуі – оқушы. Олар футболдан өтетін жарысқа бара жатқан.
"Самара-Шымкент" халықаралық маңызы бар тас жолының Хромтау ауданының аумағында Toyota Ipsum және МАN маркалы жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қайтыс болды. Мәлімет бойынша балалар мен ата-аналар басқа облысқа футболдан жарысқа қатысуға жолға шыққан. Олар мемлекеттік органдарға хабарланған жоқ. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Ақтөбе облыстық ПД ЖПКБ Айдос Құлжанов.
"Қайтыс болған балалар болжам бойынша 6-7 сыныпта оқиды. Көз жұмғандар арасында әкесі мен екі баласы болған. Олар басқа облыста өтетін футболдан жарысқа бара жатқан. Барлығы Әйтеке би ауданының тұрғындары. Қай облысқа жарысқа бара жатқаны анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Toyota-Ipsum көлігіндегі орын 7 адамдық болған. Көлік жекеменшік пе, әлде такси ме тексеріліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, балалардың жарысқа бара жатқанынан спорт басқармасы, білім басқармасы басқа да жауапты мекемелер хабардар.
Қазіргі күні тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптамалар жасалады.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында былтыр да оқушылар мінген көлік жол апатына түсті. "Нива" салонында кәмелетке толмаған бес бала болған, рөлде ауыл тұрғыны отырған. Жол апаты салдарынан 12 жастағы қыздың бұғанасы сынған.
Жаңалықтар
0