https://sputnik.kz/20240801/elimizde-auyl-sharuashylygynyn-zhalpy-onimi-16-trln-tengege-zhetti-46034783.html
Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті
Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті
Sputnik Қазақстан
Мал шаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T15:57+0500
2024-08-01T15:57+0500
2024-08-01T15:57+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/356/97/3569756_0:43:3072:1771_1920x0_80_0_0_bb0b59746676985700d2db1356169c1e.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Үкіметтің мәліметінше, осы уақыт аралығында елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім – мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығында өндірістің 3%-ға артуына байланысты.Тірі салмақта ет өндіру 4,1%-ға өсіп, 878,7 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 4,8%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады, ал тауық жұмыртқасын өндіру 0,3%-ға өсіп, 2,1 млрд данаға жетті. Өңірлер бойынша ең жоғары өсу қарқыны Түркістан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісі – 16,8%-ға, өңделген күріш – 11%-ға, өсімдік майы – 9,3%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 5,6%-ға өсті.Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 72 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артық. Ерте пісетін көкөніс пен дәнді дақылдар өсімге негізгі үлес қосты.Сонымен қатар азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,4%-ға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,7 млрд теңгені құрады.Мал шаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды. Ұлттық статистика бюросымен және облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды.
https://sputnik.kz/20240718/auyl-sharuashylygy-kormesinde-20-eldin-tekhnologiyalary-men-qyzmetteri-usynyldy-45744735.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/356/97/3569756_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_2c4c58b5573f54c68ad04299f52efe67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті
Мал шаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметтің мәліметінше, осы уақыт аралығында елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім – мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығында өндірістің 3%-ға артуына байланысты.
Тірі салмақта ет өндіру 4,1%-ға өсіп, 878,7 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 4,8%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады, ал тауық жұмыртқасын өндіру 0,3%-ға өсіп, 2,1 млрд данаға жетті. Өңірлер бойынша ең жоғары өсу қарқыны Түркістан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.
Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісі – 16,8%-ға, өңделген күріш – 11%-ға, өсімдік майы – 9,3%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 5,6%-ға өсті.
Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 72 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артық. Ерте пісетін көкөніс пен дәнді дақылдар өсімге негізгі үлес қосты.
Сонымен қатар азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,4%-ға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,7 млрд теңгені құрады.
Мал шаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды. Ұлттық статистика бюросымен және облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды.