https://sputnik.kz/20240718/auyl-sharuashylygy-kormesinde-20-eldin-tekhnologiyalary-men-qyzmetteri-usynyldy-45744735.html
Ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің технологиялары мен қызметтері ұсынылды
Ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің технологиялары мен қызметтері ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің ауыл шаруашылығы технологиялары мен қызметтері ұсынылды, деп хабарлады Ауыл... 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T15:25+0500
2024-07-18T15:25+0500
2024-07-18T15:25+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45744572_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4bd3ed4fc16f2d70c9c0e0e4b28508d3.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің ауыл шаруашылығы технологиялары мен қызметтері ұсынылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Шараға АҚШ, Франция, Германия елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының өкілдігі қатысып жатыр. Көрмеге агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдің 20 елінен 200-ден астам компания қатысты.Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров экспоненттермен танысып, етті мал тұқымдары арасындағы байқауға қойылған 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын, асыл тұқымды малдарды қарап шықты, сондай-ақ түрлі дақылдар пайдаланылған тәжірибелік егістердің нәтижелерін салыстырды.Сондай-ақ іс-шара бағдарламасына ауылшаруашылық дрон шоуы, "Франция – Орталық Азия: жайылымнан үстелге дейін" конференциясы, Қазақстан қой өсірушілерінің республикалық форумы, неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы және басқа да іс-шаралар кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/12/45744572_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_1cd2e7a0d23c9af9bb12b787d3eed090.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің технологиялары мен қызметтері ұсынылды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің ауыл шаруашылығы технологиялары мен қызметтері ұсынылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Шараға АҚШ, Франция, Германия елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының өкілдігі қатысып жатыр. Көрмеге агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдің 20 елінен 200-ден астам компания қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров экспоненттермен танысып, етті мал тұқымдары арасындағы байқауға қойылған 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын, асыл тұқымды малдарды қарап шықты, сондай-ақ түрлі дақылдар пайдаланылған тәжірибелік егістердің нәтижелерін салыстырды.
"Іс-шараның жан-жақты іскерлік бағдарламасы саланың жетілгендігін, фермерлердің жаңа технологиялар мен заманауи шешімдерге деген қызығушылығын көрсетеді", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ іс-шара бағдарламасына ауылшаруашылық дрон шоуы, "Франция – Орталық Азия: жайылымнан үстелге дейін" конференциясы, Қазақстан қой өсірушілерінің республикалық форумы, неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы және басқа да іс-шаралар кіреді.