Қазақстанда мыңдаған көлік техникалық жарамсыз болып танылған

© Sputnik / Абзал КалиевСнегопад
Снегопад - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев техникалық байқаудың алдын ала нәтижесін жарялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 6 айдың ішінде 1 млн 800 мың көлік құралдары техникалық байқаудан өтті. Сол кезде 23 мыңнан астам көлік техникалық жарамсыз болып танылған. Бірақ бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі жалған техникалық байқау тыйылатын емес.
“Бұл ретте парламент сенатының қарауындағы заң жобасы шеңберінде жалған техникалық байқау жұмыстарын жүргізуді болдырмау үшін техникалық байқау операторларының рұқсат қағаздарынан айыру және айыппұл мөлшерін 10 айлық есептік көрсеткіштен 100-ге дейін ұлғайту қарастырылған”, - деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы шаралар техникалық байқаудан өту кезіндегі заң бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жалпы 950 техникалық байқау операторлары жұмыс істейді.
В Алматы состоялись общественные слушания по поводу петиции об утильсборе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Утиль алымы бойынша петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылды
Жаңалықтар
0