Утиль алымы бойынша петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылды

© Фото: министерство промышленности и строительства КазахстанаВ Алматы состоялись общественные слушания по поводу петиции об утильсборе
В Алматы состоялись общественные слушания по поводу петиции об утильсборе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Жазылу
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі петицияда көрсетілген уәждер шындыққа жанаспайды деп есептейді, сондай-ақ шешім жобасын жария талқылау барысында қосымша негіздемелер ұсынылмаған
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Алматыда утиль алымы мәселелері жөніндегі петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оған мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, салалық қауымдастықтардың, көлік өндірушілердің өкілдері, парламент депутаттары мен қоғам белсенділерінің бастамашыл тобы қатысты.
"Утиль алымына қарсылардың негізгі шағымдарының бірі автокөлік өндірушілері КТС төлемейді деген айыптау болды. Дегенмен соңғы бес жылда автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары КТС-ті қосқанда бюджетке 116 млрд теңге салық түсірген", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев.
Ол сондай-ақ белсенділердің "утиль алымы олигархтардың қалтасына түседі" деген сөзін жоққа шығарды.
ӨҚМ өкілінің айтуынша, "Жасыл даму" АҚ барлық қызметі туралы есепті, соның ішінде аудиттен өткен қаржылық есептілікті жариялайды. Осылайша, АҚ жұмысы айқын және ашық.
Бектібаев бастамашы топтың Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіне қатысты, оның экономикалық тұрғыдан тиімсіз және дұрыс дамымай жатқандығы туралы мәлімдемелеріне де қарсы дәлелдер келтірді:
"Тек 2023 жылы Қазақстанда 150 мыңға жуық автокөлік шығарылды, 2022 жылмен салыстырғанда бұл 30%-ға өсті. Автокөлік өнеркәсібін дамытуға келетін болсақ, жеке Kia зауытының құрылысы 2025 жылы аяқталады, Skoda брендімен Volkswagen тобы 2024 жылдың басында, бірінші тоқсанда өндірісті ұйымдастырады. 2025 жылы Қытайдың Chery, Haval, Changan көліктерін шығаратын мультибрендті зауыт іске қосылады", - деп толықтырды ол.
2025 жылдың соңына дейін жинақтаушы бұйымдарды өндіру бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, нәтижесінде өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді. Жаңа жобаларға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 760 млрд теңгеден асады, оның ішінде автомобиль бөлшектеріне 403 млрд теңге салынған.
Сонымен қатар, Әділбек Бектібаев үшінші елдерден автокөлікті заңсыз әкелуге жол бермеу үшін ҚР ӨҚМ ұсыныстарын жеткізді.
Бұл шаралар РОП Операторы қызметінің ашықтығын арттыруға, ескі техниканы утилизациялаудың жаңа бағдарламасын іске қосуға, ТР КО 018/2011 өзгертулер енгізуге, автомобильдердің импортын бақылауға, сондай-ақ үшінші елдерден әкелінетін көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға неғұрлым қатаң критерийлерді белгілеуге бағытталған:
1.
РОП Операторы қызметінің ашықтығы: РОП Операторының қызметі туралы жыл сайынғы есептер Smart Data Ukimet платформасында жариялау.
2.
Көлік құралдарын утилизациялау бағдарламасы: Ақшалай өтемақы бере отырып, ескі автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын утилизациялаудың жаңа бағдарламасын іске қосу.
3.
ТР КО 018/2011 өзгертулер: ЕАЭО аумағына 7 жылдан асқан автокөліктерді әкелуге тыйым салатын өзгерістер.
4.
Автокөліктердің импортын бақылау: Жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған автокөліктерді жыл ішінде 1 бірліктен артық мөлшерде әкелуге тыйым салуды белгілеу.
5.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер: ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде үшінші елдерден әкелінетін көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға жол бермеу.
6.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығына өзгерістер: СБКЖ сертификаттарын беру кезінде аккредиттелген сынақ зертханаларының қызметіне бақылауды күшейту.
7.
Сәйкестікті растау құжаты жоқ көлік құралдарына қатысты шектеу шаралары: тіркеуге тыйым салу немесе тіркеуді жою және көлік құралына тыйым салу сияқты жедел әрекет ету шараларын қолдану.
Экология вице-министрі Жомарт Әлиев утиль алымынан түскен қаражат бірінші кезекте экологиялық мәселелерді шешуге бағытталғанын түсіндірді. Осылайша Қазақстанда жыл сайын өздігінен 5,5 мың қоқыс орындары қалыптасады, бұл олардың жанында тұратын азаматтардың денсаулығына әсер етпей қоймайды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өз сөзінде ауыл-шаруашылық техникасына утиль алымы ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өсуіне әсер етпейтінін тағы да баса айтты. Бұл ретте отандық өндірушілердің қолдауы қазақстандық фермерлерге ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартуға көмектеседі
"Бұған дейін жылына орта есеппен 4200 трактор сатып алынса, оның 30-60%-ы Беларусь елінде жасалған доңғалақты тракторлар болатын. Утиль алымы Беларусь тракторларының Қазақстанға әкелінуіне кедергі болды. Нәтижесінде олардың өндірісі Қазақстан Республикасындағы үш зауытқа берілді. Негізі сатып алынған көлем осы жерден шығарыла бастады. Ал көлемдер төмендеп қана қоймай, тіпті өсті. Бұған инвестициялық субсидиялар түріндегі мемлекеттік қолдау шарасы ықпал етті. Жалпы, талдау утиль алымын енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін теріс салдарлардың анықталмағанын көрсетті", ― деді Сұлтанов.
Талқылау қорытындысы бойынша Әділбек Бектібаев петиция шешімінің алдын ала жобасын ұсынды.
"Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтынын ескере отырып, сондай-ақ шешім жобасын жария талқылау барысында қосымша негіздемелер ұсынылмағанын ескере отырып, петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылады. Түпкілікті шешім ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-6-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылданады", – деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0