Биыл бірнеше қаланың әуейжайы жаңартылады
© Sputnik/Ертай СарбасовНовый международный терминал аэропорта Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Жақында Алматы қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Көлік министрлігі бірнеше қаладағы әуежайы жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жақында Алматы қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, жеке қаражат есебінен Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында жолаушылар терминалдарының құрылысы жүргізіліп жатыр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы мамыр айында Балқаш қаласы әуежайының перроны мен жермен жүру жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ биыл Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары басталды, ол жоспар бойынша 2025 жылы аяқталады", - дейді министрлік мамандары.
Осы жобалар еліміздің барлық әуежайын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келтіруге, ұшу қауіпсіздігі мен қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту және авиация саласын дамыту үшін тәжірибелі инвесторлар да келеді.
Айта кетері, бүінде ішкі әуе тасымалын алты әуе компаниясы жүзеге асырады. Олар: Air Astana, FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, "Оңтүстік аспаны" және "Жетісу". Олар аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша рейстерді орындайды. Биыл отандық әуе компаниялары паркі 5 ұшақпен толықтырылды. Ал халықаралық рейстердің географиясы аптасына 760 рейс жиілігімен және 132 бағыт бойынша 33 елге дейін кеңейтілді. Жаңа бағыттардың қатарында Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Қатар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Тайланд және басқалары бар. .