https://sputnik.kz/20240601/almaty-auezhayynyn-zhana-terminaly-algashqy-reysterdi-qabyldady--44700315.html
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады
Sputnik Қазақстан
Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15... 01.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-01T10:58+0500
2024-06-01T10:58+0500
2024-06-01T10:58+0500
алматы
әуежай
эйр астана
https://sputnik.kz/img/07e8/06/01/44700489_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_0bd15433f9b49e9b245cc5ed4a02f6ec.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Бүгін, жаздың бірінші күнінде Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады."Эйр Астана" әуе компаниясының "Лондон – Алматы" бағыты бойынша ұшқан КС-664 рейсі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды. "Эйрбас-А321" ұшағында 94 жолаушы болды."Ал сағат 09:50-де алғашқы болып "Алматы – Доха" бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының КС-653 рейсі орындалды. Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы бар. Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды", - деп жазылған хабарламада. Еске салайық, Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 таспалы жүйе қарастырылған.Ведомствоның хабарлауынша, жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті. Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде.
https://sputnik.kz/20240218/qostanaydagy-khalyqaralyq-auezhay-qaytadan-auktsionga-shygarylady-42360864.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/01/44700489_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1cc77a1b2e30a9b916b476627c643439.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әуежай, эйр астана
алматы, әуежай, эйр астана
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады
Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Бүгін, жаздың бірінші күнінде Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады. Бұл туралы
көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Эйр Астана" әуе компаниясының "Лондон – Алматы" бағыты бойынша ұшқан КС-664 рейсі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды. "Эйрбас-А321" ұшағында 94 жолаушы болды.
"Ал сағат 09:50-де алғашқы болып "Алматы – Доха" бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының КС-653 рейсі орындалды. Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы бар. Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 таспалы жүйе қарастырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті. Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде.