Бортына бөтен жолаушы кіріп кеткен Алматы – Астана ұшағы бір сағатқа кешігіп ұшты

© AP Photo / Armando FrancaСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Алматыдан Астанаға ұшатын KC995 рейсі қайта тексеруге байланысты 1 сағат 15 минутқа кешіктірілді.
"Астанаға бара жатқан KC641 рейсінің бөгде жолаушысы бортқа кіріп кеткендіктен ұшақ кешікті", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметін.
Жазғы кезеңде рейстер санының артуына байланысты жолаушылардың әуе компанияларына заңнамада көзделген қызметтерді уақытылы көрсетпеуіне немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеуіне қатысты шағымдары жиілеп кеткен.
Осыған байланысты көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жаңалықтар
0