https://sputnik.kz/20240724/zholaushylardyn-quqygyn-buzgan-aue-kompaniyalaryna-ayyppul-salyndy-45855490.html
Жолаушылардың құқығын бұзған әуе компанияларына айыппұл салынды
Жолаушылардың құқығын бұзған әуе компанияларына айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
FlyArystan мен SCAT компаниялары айыппұл арқалады 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T20:47+0500
2024-07-24T20:47+0500
2024-07-24T20:47+0500
әуе компаниясы
айыппұл
әкімшілік айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109056_719:523:3296:1973_1920x0_80_0_0_40d51c05c56deac6a8adc17be3e340ee.jpg
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Жазғы кезеңде рейстер санының артуына байланысты жолаушылардың әуе компанияларына заңнамада көзделген қызметтерді уақытылы көрсетпеуіне немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеуіне қатысты шағымдар жиілеп кетті, деп хабарлайды көлік министрлігі.Осыған байланысты көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кешіккен кезде, "Fly Arystan" әуе компаниясы қызмет көрсетпеуіне байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, сондай-ақ әуежайдан қонақ үйге және кері қарай жолаушылар трансфері ұйымдастырылмаған) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.Бұған дейін, Атырау - Алматы бағыты бойынша рейстің кешігуі кезінде тиісті қызмет көрсетпегені үшін 24 маусымда "SCAT" әуе компаниясы әкімшілік жауапқа тартылған едң. Оған да 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20240208/astana-auezhayy-qatty-zheldin-saldarynan-on-bes-aue-reysin-toqtatty-42159469.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109056_996:435:3147:2048_1920x0_80_0_0_d47aac3b33af1813f07078b98d1b069e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе компаниясы, айыппұл, әкімшілік айыппұл
әуе компаниясы, айыппұл, әкімшілік айыппұл
Жолаушылардың құқығын бұзған әуе компанияларына айыппұл салынды
FlyArystan мен SCAT компаниялары айыппұл арқалады
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Жазғы кезеңде рейстер санының артуына байланысты жолаушылардың әуе компанияларына заңнамада көзделген қызметтерді уақытылы көрсетпеуіне немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеуіне қатысты шағымдар жиілеп кетті, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Осыған байланысты көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кешіккен кезде, "Fly Arystan" әуе компаниясы қызмет көрсетпеуіне байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, сондай-ақ әуежайдан қонақ үйге және кері қарай жолаушылар трансфері ұйымдастырылмаған) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұған дейін, Атырау - Алматы бағыты бойынша рейстің кешігуі кезінде тиісті қызмет көрсетпегені үшін 24 маусымда "SCAT" әуе компаниясы әкімшілік жауапқа тартылған едң. Оған да 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.