Астана әуежайы қатты желдің салдарынан он бес әуе рейсін тоқтатты

© Photo : Пресс-служба аэропорта Астаны Астана әуежайы
 Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Тағы 18 рейс кешіктіріледі
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Қатты желдің салдарынан Астана әуежайында он бес рейс тоқтатылды, тағы 18 рейс кешіктірілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Астана әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр, бұл ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Жоспарланған 72 рейстің ұшатын 7 рейсі, ұшып келетін 8 рейсі тоқтатылды. Сонымен қатар ұшатын 6 рейс, ал ұшып келетін 12 рейс кешіктіріледі", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпарат алу үшін авиакомпаниялармен байланысу керек.
Аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бұған 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Ауа райына байланысты 61 учаскеде жол жабылды
Жаңалықтар
0