Шегірткеге қарсы 2,8 млн гектар алқап өңделді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуНашествие саранчи
Нашествие  саранчи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
400 мың гектарға дәрі-дәрмек сатып алынды, оның жартысы Қостанай облысына берілді
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Қазақстанда 2,8 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу бойынша қорғау іс-шаралары аяқталды, бұл — болжанған көлемнің 110 пайызы, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Барлығы 15,8 млн гектар зерттелді, бұл — жоспардың 92,4 пайызы.
13 облыста — Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Түркістанда жұмыс толығымен аяқталды.
Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында италиялық шегіртке түріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штабтың кезекті отырысында зиянкестермен күрес жөніндегі жағдай қаралды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шекара маңындағы аумақтарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
"18-20 шілдеде Орынбор облысынан Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына италиялық прус ұшып келгені тіркелді. Біз жедел түрде өңдеу жүргіздік, қазір шекара маңындағы аумақты бірлесіп зерттеу үшін Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", — деп мәлімдеді ол.
Шегірткеге қарсы күрес жүргізу үшін Ақтөбе облысына 136 мың гектар аумақты өңдеуге арналған препараттардың резервтік көлемі ұсынылды.
400 мың гектарға дәрі-дәрмек сатып алынды, оның жартысы Қостанай облысына берілді.
Ақтөбе облысына сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғаринге кейбір фермерлік шаруашылықтар егістігін қорғау үшін Ресей аумағының бір бөлігін 100 метр тереңдікте өңдегені туралы хабарланды.
Осы аптада вице-премьер Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасарымен жерді бірлесіп, жедел өңдеу мәселесін талқылайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп шегірткенің таралу ошақтарын анықтаған кезде жедел шаралар қабылдауды жалғастырады.
Саранча - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Шегіртке қаптауы мүмкін аумақтардың 66 пайызы өңделді
Жаңалықтар
0