https://sputnik.kz/20240625/shegirtke-qaptauy-mumkin-aumaqtardyn-66-payyzy-ondeldi-45184592.html
Шегіртке қаптауы мүмкін аумақтардың 66 пайызы өңделді
Шегіртке қаптауы мүмкін аумақтардың 66 пайызы өңделді
Sputnik Қазақстан
Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген 25.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-25T09:28+0500
2024-06-25T09:28+0500
2024-06-25T09:28+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:924_1920x0_80_0_0_86dc894ae739dad025596d1be8b70633.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды.Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.Еске сала кетейік, РФ Орынбор облысынан шегірткенің ұшып келуінің анықталуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай және Ақтөбе облыстарының шекаралас аумақтарын тексерді. Сондай-ақ ол Орынбор облысының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жанар Құрманбаевпен бірлескен іс-қимылдарды келісу үшін кездесу өткізді.Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер шөп қалың өскен Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:1232_1920x0_80_0_0_154ad265f4b5cd3db8709e0179fec510.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Шегіртке қаптауы мүмкін аумақтардың 66 пайызы өңделді
Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды.
"Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында РФ шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.
Еске сала кетейік, РФ Орынбор облысынан шегірткенің ұшып келуінің анықталуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай және Ақтөбе облыстарының шекаралас аумақтарын тексерді. Сондай-ақ ол Орынбор облысының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жанар Құрманбаевпен бірлескен іс-қимылдарды келісу үшін кездесу өткізді.
Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер шөп қалың өскен Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына бақылауды күшейтуді тапсырды.