Жайыққа екі бала батып кетті

© Photo : Оперштаб Атырауской областиЖайық өзені. Архивтегі фото
Жайық өзені. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2024
Жазылу
Әкімдік Атырау облысының аумағында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын ескертті
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Атырау облысы Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзеніне екі бала батып кетті, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Оқиға 20 шілдеде болған.
"Болжам бойынша 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кетті. Жасөспірімдердің бірінің денесін ТЖД құтқарушылары сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды. 2011 жылы туған екінші баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр", - дейді ведомство.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.
"Қайғылы оқиғаның алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз", - деп ескертті әкімдік.
Нұра өзеніндегі құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам суға батып кетті
Жаңалықтар
0