https://sputnik.kz/20240716/shomylu-mausymy-bastalgannan-beri-85-adam-suga-batyp-ketti-45698194.html
Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам суға батып кетті
Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Тыйым салынған жерлерде шомылған 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды 16.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-16T21:01+0500
2024-07-16T21:01+0500
2024-07-16T21:01+0500
суға батты
https://sputnik.kz/img/1396/86/13968691_0:0:1152:648_1920x0_80_0_0_cd52abef99cd04e89bdb1b172de5a9d7.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.Ведомство су айдындарында қаза тапқан балалардың саны күннен-күнге өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы адам өлімі 14%-ға азайды, оның ішінде балалар өлімі 20%-ға өсті.ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды."Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталды, онда 5 894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. 708 рұқсат етілген жаппай демалыс орны бекітілді", - дейді құтқарушылар.Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1396/86/13968691_145:0:1009:648_1920x0_80_0_0_531f76785e3a6fa0255941779290bf1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
суға батты
Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам суға батып кетті
Тыйым салынған жерлерде шомылған 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство су айдындарында қаза тапқан балалардың саны күннен-күнге өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.
"Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі болады. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеледі. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті", - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы адам өлімі 14%-ға азайды, оның ішінде балалар өлімі 20%-ға өсті.
ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
"Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталды, онда 5 894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. 708 рұқсат етілген жаппай демалыс орны бекітілді", - дейді құтқарушылар.
Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.