Төрт жолақты "Ақтөбе-Қандыағаш" жолы қашан пайдалануға беріледі

© көлік министрлігіТөрт жолақты "Ақтөбе-Қандыағаш" жолы паайдалануға беріледі
Төрт жолақты Ақтөбе-Қандыағаш жолы паайдалануға беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Жол мамандары жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайтын (екі учаске) тас жолға жаңа асфальт төседі
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Ақтөбе өңірінде жаңа төрт жолақты "Ақтөбе-Қандыағаш" күре жолы қолданысқа беріледі, деп хабарлады көлік министрлігі.
Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларын қосатын жолдың қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында мәлім етті.
Жол мамандары жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайтын (екі учаске) тас жолға жаңа асфальт төседі. Қазір жол жамылғысының жоғарғы қабаттарындағы жұмыстар аяқталуда.
Сонымен қатар Алға және Қандыағаш қалаларының айналма жолдарының құрылысы да аяқталуға жақын. Қайта құру жұмыстары аясында мамандар 18 көпір мен жол айрығын салды. Жыл соңына дейін төрт жолақты жол пайдалануға беріледі. Қазір жол бойында толығымен қозғалыс ашық.
Сондай-ақ өңірде өткен жылдан бастап жалпы ұзындығы 260 шақырым болатын "Қандыағаш-Шалқар" жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жай-күйі нашар болды. Былтыр мамандар жолдың 20 шақырымын жөндесе, биылдан бастап тағы 125 шақырым жол жөнделеді.
Автодорога Хантау - Бурылбайтал - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Биыл "Атырау-Астрахан" жолы пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0