Биыл "Атырау-Астрахан" жолы пайдалануға беріледі

© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"Автодорога Хантау - Бурылбайтал
Автодорога Хантау - Бурылбайтал - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Атырау облысында "Атырау-Астрахан" жобасы аяқталуда, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ведомство басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстары барысын тексерді.
"Атырау облысында "Атырау-Астрахан" жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды",- делінген министрлік хабарламасында.
Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75% - ға артады.
Бұған дейін көлік министрлігі республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын" жолы төрт жолақты болатынын хабарлаған еді.
Дорога Актобе - Хромтау - Улгайсын станет четырехполосной    - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
"Ақтөбе-Хромтау" республикалық жолы төрт жолақты болады
Жаңалықтар
0