Министр Шарлапаев утиль алымына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание депутатов мажилиса
Заседание депутатов мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2024
Жазылу
Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлады министрлік.
Қанат Шарлапаевтың айтуынша, петицияны қарау барысында барлық заңнама талабы сақталды.
"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды. Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді министр.
Айта кетері, утиль алымына тұрғындар наразылық білдірген болатын. Бірақ премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утиль алымын алып тастауға болмайтынын айтты.
Утилизациялық алымға қатысты 50 мың адам петиция қол қойған. Алайда өнеркәсіп және құрылыс министрлігі петицияда көрсетілген уәждер шындыққа жанаспайды деп есептейды.
Жаңалықтар
0