https://sputnik.kz/20240718/qordayda-dauyl-kezinde-zardap-shekken-zhigittin-zhagdayy-auyr-45744228.html
Қордайда дауыл кезінде зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр
Қордайда дауыл кезінде зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр
Sputnik Қазақстан
Науқастың аяқтары жансызданып қалған 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T14:50+0500
2024-07-18T14:50+0500
2024-07-18T14:51+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданы Беріктас ауылының тұрғынын қора басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Аудандық аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр дейді.Қатты дауыл мен нөсер жаңбыр кезінде сарай опырылып құлап, оның қабырғасы 18 жастағы жігіттің үстіне құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, жігіттің бас және бет сүйегі, омыртқасы сынған. Зәр шығару функциясы бұзылған, жұлынынан 1-2 дәрежелі соққы алған. Науқастың жағдайы ауыр. Аяқтары жансызданып қалған.Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Қордай ауданында қатты ұйытқыған дауыл мен нөсер жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. Салдарынан шаруа қожалықтары зардап шекті.
https://sputnik.kz/20240718/zhambyl-oblysynda-agyn-su-saldarynan-700-ge-zhuyq-mal-qyryldy-45734232.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Қордайда дауыл кезінде зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр
14:50 18.07.2024 (жаңартылды: 14:51 18.07.2024) Науқастың аяқтары жансызданып қалған
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданы Беріктас ауылының тұрғынын қора басып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аудандық аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр дейді.
Қатты дауыл мен нөсер жаңбыр кезінде сарай опырылып құлап, оның қабырғасы 18 жастағы жігіттің үстіне құлаған.
"Науқас 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Қабылдау бөлімінде хирург, травматолог, қабылдау бөлімінің дәрігері, реаниматолог қарады. Рентгенге түсірді. Реанимацияға жатқызылған", - дейді дәрігерлер.
Дәрігерлердің айтуынша, жігіттің бас және бет сүйегі, омыртқасы сынған. Зәр шығару функциясы бұзылған, жұлынынан 1-2 дәрежелі соққы алған. Науқастың жағдайы ауыр. Аяқтары жансызданып қалған.
Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Қордай ауданында қатты ұйытқыған дауыл мен нөсер жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. Салдарынан шаруа қожалықтары зардап шекті.