https://sputnik.kz/20240717/buryngy-uaqyt-qaytarylsyn-petitsiyany-qaraytyn-komissiya-6-aydyn-natizhesin-zhariyalady-45711108.html
"Бұрынғы уақыт қайтарылсын": петицияны қарайтын комиссия 6 айдың нәтижесін жариялады
"Бұрынғы уақыт қайтарылсын": петицияны қарайтын комиссия 6 айдың нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі де біртұтас уақыт белдеуіне көшу жол апаттарының статистикасына айтарлықтай әсер етпегенін мәлімдеді 17.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-17T12:11+0500
2024-07-17T12:11+0500
2024-07-17T12:11+0500
уақыт
петиция
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/08/40718809_0:862:2047:2013_1920x0_80_0_0_911b023d67289bfce3d8116bed32e8f6.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтаруды талап ететін петицияны қарау бойынша құрылған жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.Осы жолы сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста қойған сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде энергия тұтыну мен шығындардың өсуі, уақыт ауыстырудың денсаулыққа әсері, жол апаттарының көбеюі және басқа да мәселелер бар.Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышеваның айтуынша, UTC+5-ке ауысқаннан кейін медициналық мекемелерге жүгінетін адамдар саны да, аурулар статистикасы да төмендеді.Депаратамент басшысы Шығыс Қазақстан облысының статистикасын да жариялады. Оған сәйкес, қан айналымы жүйесінің аурулары 15,9%-ға, онкология 1,5%-ға және психикалық бұзылулар 12,2%-ға төмендеп отыр. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологияның 2,3%-ға, ал психиканың бұзылуы 15,8%-ға төмендегені байқалады.Ал энергетика министрлігінің департамент директоры Асылжан Мусин электр энергиясын тұтыну көлемі қалай өзгергенін айтты."Уақыт белдеуінің өзгеруімен Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 1-1,5%-дан аспайтын шамада өзгерді. Сонымен қатар, наурыздың соңы – сәуірдің басында бірқатар аймақтарда сыртқы ауа температурасының төмендегені байқалды, жылыту маусымы аяқталғанда, тұтыну көлеміне де әсер етті", - деді Мусин.Оның айтуынша, 2023 және 2024 жылдардың ұқсас кезеңдерін салыстыру дұрыс емес, өйткені электр энергетикасында жыл сайын шамамен 3% тұтыну өсімі байқалады. Бұл халық санының және заңды тұлғалардың көбеюімен байланысты.Ішкі істер министрлігі де біртұтас уақыт белдеуіне көшу жол апаттарының статистикасына айтарлықтай әсер етпегенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20240613/buryngy-uaqyt-beldeuin-qaytaruga-qatysty-sheshim-40-kun-ishinde-qabyldanady--zhumangarin-44953869.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/08/40718809_0:852:2047:2387_1920x0_80_0_0_6c2c13defef1e694f9355607a05a6a33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
уақыт, петиция
"Бұрынғы уақыт қайтарылсын": петицияны қарайтын комиссия 6 айдың нәтижесін жариялады
Ішкі істер министрлігі де біртұтас уақыт белдеуіне көшу жол апаттарының статистикасына айтарлықтай әсер етпегенін мәлімдеді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтаруды талап ететін петицияны қарау бойынша құрылған жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Осы жолы сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста қойған сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде энергия тұтыну мен шығындардың өсуі, уақыт ауыстырудың денсаулыққа әсері, жол апаттарының көбеюі және басқа да мәселелер бар.
Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышеваның айтуынша, UTC+5-ке ауысқаннан кейін медициналық мекемелерге жүгінетін адамдар саны да, аурулар статистикасы да төмендеді.
"Бірыңғай уақыт белдеуін енгізген күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, алысқа баратын қорытынды жасауға әлі ерте. Биылғы маусым айындағы мәліметтер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген адамдар саны 0,1%-ға азайған. Осы жылдың 6 айында қан ауруларының 13,7%-ға, психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы 11,3%-ға төмендегені байқалды, онкология бұрынғы деңгейде қалды",- деді Қауышева.
Депаратамент басшысы Шығыс Қазақстан облысының статистикасын да жариялады. Оған сәйкес, қан айналымы жүйесінің аурулары 15,9%-ға, онкология 1,5%-ға және психикалық бұзылулар 12,2%-ға төмендеп отыр. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологияның 2,3%-ға, ал психиканың бұзылуы 15,8%-ға төмендегені байқалады.
Ал энергетика министрлігінің департамент директоры Асылжан Мусин электр энергиясын тұтыну көлемі қалай өзгергенін айтты.
"Уақыт белдеуінің өзгеруімен Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 1-1,5%-дан аспайтын шамада өзгерді. Сонымен қатар, наурыздың соңы – сәуірдің басында бірқатар аймақтарда сыртқы ауа температурасының төмендегені байқалды, жылыту маусымы аяқталғанда, тұтыну көлеміне де әсер етті", - деді Мусин.
Оның айтуынша, 2023 және 2024 жылдардың ұқсас кезеңдерін салыстыру дұрыс емес, өйткені электр энергетикасында жыл сайын шамамен 3% тұтыну өсімі байқалады. Бұл халық санының және заңды тұлғалардың көбеюімен байланысты.
Ішкі істер министрлігі де біртұтас уақыт белдеуіне көшу жол апаттарының статистикасына айтарлықтай әсер етпегенін мәлімдеді.