Бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты шешім 40 күн ішінде қабылданады – Жұманғарин

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDБудильник в момент перехода на зимнее время
Будильник в момент перехода на зимнее время - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Жазылу
"Ескі уақытты" қайтару мақсатында ашылған петиция қажетті 50 мың қолды жинады
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты шешім 40 күн ішінде қабылданады, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.
Вице-премьердің айтуынша, "Уақытты кері қайтару" петициясы 50 мыңнан астам қол жинағандықтан, енді үкімет оны қарауға міндетті.
"Біз петиция авторын, белсенді сарапшыларды, ғалымдарды және мемлекеттік органдарды тарта отырып, бұл петицияны қараймыз. Бізде 40 күн уақыт бар. Таяу уақытта жауап береміз", - деді Серік Жұманғарин.
Қазақстанның кейбір тұрғындары (негізінен солтүстік өңірлерде) сағат белдеуін ауыстырғаннан кейін өзін жайсыз сезініп жүргенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, таңғы сағат 4-те жарық түсіп, кешке тез қараңғы болады.
Олар жаңа +5 UTC орнына, бұрынғы +6 UTC уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны іске қосты. Петиция қажетті 50 мың дауысты жинады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 наурызына қараған түні өңірлер бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бұған дейін елде екі уақыт белдеуі болды - UTC+5 және UTC+6.
Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етпегенін мәлімдеген болатын. Жаңа уақыт белдеуіне көшуді ғалымдар құптаған. Ал жаңашылдықтың басты нәтижесі – қазақстандықтар бір сағатқа ұзағырақ ұйықтай бастапты.
Жаңалықтар
0