Адам саудасына қатысты қылмыстардың жаңа құрамы бекітілді

© Photo : Unsplash/engin akyurt Торговля людьми
Торговля людьми - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Қазақстанда адам саудасына қарсы заң 5 қыркүйекте күшіне енеді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты жаңа қылмыстар үшін ауыр жаза қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы айдың басында мемлекет басшысы "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заңға қол қойған болатын. Осы құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2024 жылы 5 қыркүйекте күшіне енеді.
Заңға сәйкес, Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар және "сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізіліп отыр. Ол үшін қылмыстық жаза қолданылады.
Қылмыстық жауапкершілік енгізілетін әрекеттер:
​адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу;​
осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау;
телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.
Осы әрекеттер үшін Қылмыстық кодекстің 134 (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 308 (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) және 309-баптары (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) қолданылады.
Сонымен қатар заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылады.
Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталды.​
Сондай-ақ медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
По итогам переговоров на высшем уровне Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин подписали Совместное заявление
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Президент адам саудасымен күрес туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар
0