Президент адам саудасымен күрес туралы заңға қол қойды

© PhotoПо итогам переговоров на высшем уровне Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин подписали Совместное заявление
По итогам переговоров на высшем уровне Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин подписали Совместное заявление
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Заңда мұндай қылмыстарды жасағаны үшін татуласу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салынады
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің 2023 жылғы 29 наурызда парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау үшін арнайы заңды әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Алғаш рет қабылданып отырған бұл заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жан-жақты айқындайды.
Сондай-ақ Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, сондай-ақ вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске "адам саудасына байланысты қылмыстар" деген жаңа ұғым енгізілді. Ол адам ұрлау, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікпен айналысуға итермелеу және басқа да қауіпті қылмыстық әрекеттерді қамтиды.
Заңда мұндай қылмыстарды жасағаны үшін татуласу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салынады.
Сонымен қатар адамның кәмелетке толмағанын біле тұра, жезөкшелік немесе сексуалдық сипаттағы қызметтерін пайдаланғаны үшін алғаш рет қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Заңда кәмелетке толмаған адамды сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге, соның ішінде мұндай істі насихаттау немесе жарнамалау арқылы тарту фактілері қылмыс деп танылады.
Жаңалықтар
0