Зергерлік бұйымдар өндірісі 1%-ға қысқарды

© Павел ЛисицынЗергер
Зергер - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
Бір жыл бұрын зергерлік бұйым өндіру көлемі 10,6%-ке артқан
АЛМАТЫ, 16 шілде - Sputnik. Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі қаңтар-мамыр айларында 1%-ға қысқарды, деп хабарлады Energyprom.kz.
Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 524,8 млн теңгенің зергерлік және ұқсас бұйымдары өндірілген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ке аз.
Бір жыл бұрын зергерлік бұйым өндіру көлемі 10,6%-ға артқан.
Ал зергерлік бұйымдарды жөндеу бойынша қызмет көлемі бірінші тоқсанда 131,8 млн теңгеге жеткен.
Айта кетері, ауылда зергерлік бұйымдарды жөндеу бойынша қызметтер көлемі бір жыл ішінде 2,4 есеге өсіп, 9,1 млн теңге болған.
Зергерлік бұйымдар мен қол сағаттардың бағасы биылғы жылдың маусымына дейін 0,4%-ке, ал бір жылда 5%-ға өскен.
Оның ішінде алтыннан жасалған неке сақиналары бір айда 0,2%, ал бір жылда 3,3% қымбаттады. Жалпы алтын және зергерлік бұйымдар былтырғымен салыстырғанда 3%-ке қымбаттады.
В Риме состоялась презентация коллекций казахстанских дизайнеров и ювелиров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2023
Италиялықтар қазақтың ұлттық киімі мен зергерлік өнеріне тәнті болды
Жаңалықтар
0